Жиі қойылатын сұрақтар

Барлығы

WExport.com - бұл аграрлық өнімдерді сатып алушылар мен жеткізушілерге, сондай-ақ логистикалық компанияларға тауарларды онлайн тәртіпте сатып алу, өткізу және тасымалдау бойынша мәмілелер жасасуға мүмкіндік беретін көп атқарымды веб-портал, электрондық сауда алаңы. Біздің тапсырмамыз бүкіл әлемдегі клиенттерге ТМД елдерінде өндірілген аграрлық өнімдердің сапасы мен табиғилығын сезінуге мүмкіндік беруге және оларды клиенттердің әрқайсысы үшін қолжетімді етуге негізделеді. Сонымен қатар, көп атқарымды www.wexport.com порталында интеграцияланатын халықаралық сауда торында инновациялық технологияларды қолдана отырып, біз бизнес үдерісті барынша жеңілдетуге және оларды өз клиенттеріміз үшін қауіпсіз етуге ниет білдіріп отырмыз.

Біз 1, 2, 3, 4 класты және 5 класты (жемшөп) бидайды, кебекті, арпаны, малға арналған жемді және ұнды көтерме бағамен сатып алуды ұсынамыз.

Бидай мен өзге аграрлық өнімдерді жеткізушілер үшін бидайды (жемшөп бидайын), ұнды, кебекті, арпаны тиімді бағамен аса қысқа мерзім ішінде көтерме сату үшін бізде керемет ұсыныс бар. Тауардың шығу тегі - Қазақстан және өзге ТМД елдері.

  1. WExport.com сайтында тіркелу нысанын толтырыңыз
  2. Сіздің электрондық поштаңызға жіберілген сілтемені пайдалана отырып, есептік жазбаны активациялаңыз
  3. Сайтқа кіру үшін пайдаланушының атын және құпия сөзді енгізіңіз

Порталдың басты парағында жоғарғы оң жолда Жаңалықтар тақырыбы келтірілген. Оны сол жақ батырмамен басыңыз және осы тарауға ауысыңыз.

Сіз тіркеу парағындағы 'Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?' сілтемесі арқылы құпия сөзді қалпына келтіре аласыз.

  1. 'Құпия сөзді ұмытып қадыңыз ба?' сілтемесін басыңыз.
  2. Электрондық поштаңыздың мекен-жайын енгізіңіз, содан кейін 'Құпия сөзді қалпына келтіру' сілтемесін басыңыз.
  3. Сіз 'Құпия сөзді қалпына келтіру жөніндегі нұсқаулық Сіздің поштаңызға жіберілді' деген хабарламаны көресіз.
  4. Кіріс хаттарды тексеріңіз және WExport.com жіберген электрондық хаттағы сілтемені шертіңіз
  5. Жаңа құпия сөзді енгізіңіз

Егер Сіз WExport.com аккаунтын тіркеу үшін бұрын енгізген электрондық поштаның мекен-жайын бұдан әрі пайдаланбасаңыз, онда бізбен байланысуыңызды сұраймыз.

Сіздің электрондық поштаңыздың мекен-жайы WExport.com аккаунтын пайдаланушының аты болып табылады.

Сіз тіркелу кезінде енгізетін электрондық поштаның мекен-жайы сайтқа кіру үшін пайдаланушының атына автоматты түрде айналады. Сондай-ақ ол құпия сөзді өзгерту ықтималдығы үшін және Сіздің электрондық поштаңызға e-mail жіберу үшін қажет.

Деректерді өзгерту үшін жүйеге кіріңіз және "Жеке кабинет" мәзіріне ауысыңыз > "Аккаунттың деректері" > "Аккаунттың деректерін өзгерту" басыңыз > тиісті өрістерге өзгертулерді енгізіңіз > "Дайын" басыңыз

Тіді өзгерту үшін Жалауша иконкасын басыңыз және тізімнен өзіңізге қажет тілді таңдаңыз.

Бұл осы өнім біздің соңғы мәмілелеріміздің тізімінде табылмағанын білдіреді. Кеңейтілген іздеуді пайдалануыңызды сұраймыз немесе "Менің сұратуларым" > "Сұратуды жасау" > Өнімді таңдаңыз > Қажетті өрістерді толтырыңыз > "Сұратуды жасау" батырмасын басы арқылы өз сұратуыңызды жасаңыз.

Көмекші сөздер тәртібін сөндіру үшін Жеке кабинетке кіріңіз және "Көмекші сөздер тәртібі" жазбасының қасында жоғарғы сол жақтағы сары батырманы басыңыз.

Егер Сізге қосымша көмек қажет болса (мысалы, жүйеге кіру үшін немесе тіркелу үшін), онда парақтың оң жақ төменгі бұрышындағы WExport.com кеңесшісі бар Онлайн чатты пайдалануыңызды сұраймыз. Егер сұратулардың, мәмілелелер мен тендерлердің жасаумен және егжей-тегжейімен байланысты қиындықтарға тап болсаңыз, онда Сіз өз сұратуыңызды көрсету арқылы Қолдау қызметіне жүгіне аласыз.

Осы ақпаратты өзгерту үшін жүйеге кіріңіз және "Жеке кабинет" мәзіріне өтіңіз > "Деректемелер" > "Редакциялау" басыңыз > өзгертулерді енгізіңіз > "Сақтау" басыңыз..

Банктік деректемелерді редакциялау үшін "Деректемелер" тарауын толтыруды сұраймыз..

Сізге ыңғайлы болу үшін біз Сіздің назар аударуыңызды талап ететін сұратулардың, мәмілелер мен тендерлердің санын көрсететін маркерлерді жасап шығардық (Белсенді, Мұрағатта немесе Сіз қабылдамай тастаған). Сандары бар көгілдір дөңгелектер - бұл қаралмаған және мәртебелерін өзгерткен сұратулардың/мәмілелердің/тендерлердің саны. Сары дөңгелектер - белгілі тараудағы сұратулардың/мәмілелердің/тендерлердің жалпы саны.

Сайттың басты парағына Wexport логотипінің астында іздеу жолында өз сұратуыңызды енгізіңіз және ENTER басыңыз. Өнім егжей-тегжейлі сипатталған және тауарлардың бағалары көрсетілген кесте пайда болады.

Сізге біздің сайтымызда тіркеліп, осы өнімді сатып алуға сүрату жасау қажет және сұратуға қатысты түсіндірмеде өзіңізге қажет тоғанақты көрсету қажет.

Жаңа сұратуды жасау үшін "Менің сұратуларым" мәзіріне өтіңіз > "Сұрату жасау" > Өнімді таңдаңыз > Қажетті өрістерді толтырыңыз > "Сұрату жасау" батырмасын басыңыз.

Сіздің сұратуыңызды менеджер қарастыруда және 3 күн ішінде Сіздің тарапыңыздан қосымша деректер енгізілуін талап етті. Егер осы мерзім аяқталғаннан кейін Сіз мәмілені жасау үшін қосымша ақпарат енгізбесеңіз, онда осы деректердің болмауының садарынан сұрату автоматты түрде Мұрағатқа ауыстырылатын болады.

Өз сұратуыңызды қалпына келтіру үшін "Менің сұратуларым" мәзіріне өтіңіз > "Мұрағатта" > Қажетті сұратуды таңдаңыз > "Толығырақ" басыңыз > "Редакциялау" басыңыз > Қажетті ақпаратты енгізіңіз > "Редакциялау" басыңыз.

Сіздің сұратуыңыз екі жағдайда мұрағатқа жіберіледі:

  1. Бірінші жағдайда менеджер Сізге дайын мәмілені жіберіп, 3 күн ішінде Сіздің келісіміңізді күтеді. Бұл мерзім аяқталып, Сіздің келісіміңіз болмаған жағдайда мәміле автоматты түрде Мұрағатқа жіберіледі.
  2. Екінші жағдайда Сізге төлем шоты жөнелтілді және ол бойынша төлемді 3 банктік күн ішінде жасау қажет. Егер Төлем атаған мерзім ішінде жасалмаса, онда мәміле Мұрағатқа жіберіледі.

Мәмілені қалпына келтіру үшін менеджерге қалпына келтіру туралы сұрату жіберген жөн. Бұл үшін "Менің мәмілелерім" мәзіріне өтіңіз > "Мұрағатта" > Қажетті мәмілені таңдаңыз > "Толығырақ" басыңыз > "қалпына келтіруді сұрату" басыңыз.

Мәміленің шарттарымен келісетіндігіңізді "Мәміле жасасу" батырмасын басу арқылы 3 күн ішінде растауыңызды сұраймыз. Кері жэағдайда Сіздің мәмілеңіз автоматты түрде Мұрағатқа жіберілетін болады. Егер Сіз мәміленің талаптарын қабылдасаңыз және Шартқа қол қойсаңыз, онда жақын арада Сізге тауардың ақысын төлеу үшін төлем шоты ұсынылатын болады. Төлемді 3 банктік күн ішінде жасауыңызды сұраймыз. Егер төлем аталған мерзім ішінде жасалмаса, онда мәміле Мұрағатқа жәберілетін болады.

Мәміленің шарттарымен келісетіндігіңізді "Мәміле жасасу" батырмасын басу арқылы 3 күн ішінде растауыңызды сұраймыз. Кері жағдайда Сіздің мәмілеңіз автоматты түрде Мұрағатқа жіберілетін болады.

Тауар үшін төлем енгізу кідірген жағдайда, Шартқа сәйкес біз Сатып алушыға мәміленің мұрағатқа жіберілгені туралы хабарлама жіберу арқылы мәмілені бір жақты соттан тыс тәртіпте бұза аламыз. Мәмілені жаңғырту үшін Сізге менеджерге қалпына келтіру туралы сұрату жіберу қажет. Бұл үшін "Менің мәмілелерім" мәзіріне өтіңіз > "Мұрағатта" > Қажетті мәмілені таңдаңыз > "Толығырақ" басыңыз > "Қалпына келтіруді сұрату" басыңыз. Мәміле мұрағаттан қалпына келтірілген кезде Сіз электрондық поштаңызға хабарлама аласыз.

Келесі кезең - бұл тауарды жеткізу (жөнелту), о бегіленген мерзім ішінде және Шарттың талаптарында көрсетілген сызба бойынша жүргізіледі.

Біздің жүйемізде Өз тауарыңыздың орналасқан орнын қадағалау үшін Сіздің мәмілеңіздің егжей-тегжейінде көрсетілген 10-таңбаы трекинг нөмірді пайдаланыңыз (мысалы, KZ00000123). Бұл үшін "Менің мәмілелерім" мәзіріне өтіңіз > "Белсенділер" > кестеде "Жолда" қосымша бетін басын > қажетті мәмілені таңдаңыз > "Толығырақ" басыңыз > "Менің құжаттарым" тарауының астында оң жақта тауардың "Сіздің трекер нөміріңіз" тарауындағы орналасқан орны туралы ақпарат көрсетілген.

Сондай-ақ сол жақтағы “Қадағалау” сары панеліне басу арқылы Іздеу панелінің астындағы басты парақта оны енгізу мүмкіндігі бар.

Жеке кабинетте "Менің тендерлерім" мәзіріне өтіңіз > "Тендер жасау" > Өнімді таңдаңыз > Көмекші сөздерді пайдалана отырып, қажетті өрістерді толтырыңыз > "Жасау" батырмасын басыңыз. Бұл опция сатып алушылар үшін ғана қолжетімді.

Жеке кабинетте "Менің тендерлерім" мәзіріне өтіңіз > "Белсенділер" > тендерді таңдаңыз > "Толығырақ" басыңыз > "Редакциялау" таңдаңыз > тиісті өрістердегі деректерді өзгертіңіз > "Редакциялау" басыңыз.

Тендерді мұрағаттан қалпына келтіру үшін "Менің тендерлерім" мәзіріне өтіңіз > "Мұрағатта" > қажетті тендерді таңдаңыз > "Толығырақ" басыңыз > "Редакциялау" басыңыз > тиісті өрістердегі деректерді өзгертіңіз > "Редакциялау" басыңыз. Тендер жарияланған кезде Сіз электрондық поштаңызға хабарлама аласыз.

Егер өнімдерді жеткізушілердің ешқайсысы Сіздің сұратуыңыз бойынша ниет білдірмесе немесе мәлімдемеде көрсетілген баға бұл өнім үшін тым төмен болса, онда Сіздің тендеріңіз сәтсіз аяқталады. Бұл жағдайда менеджер Сізге тендердің екінші кезеңіне жаңа шарттармен қатысуды немесе баламалы өнімді сатып алуды ұсынуы мүмкін.

WExport.com порталында жеткізуші ретінде тіркеліңіз және қолда бар тауарларды біздің базамызға енгізіңіз. Біздің менеджерлеріміз бидайды немесе өзге өнімдерді жеткізу туралы шарт жасасу мәселесі бойынша Сізбен байланысады.

Тауарды жеткізушілер үшін қолжетімді Арнайы ұсыныс опциясын пайдалануды ұсынамыз. Ол Сіздің өніміңізді артықшылықты етуге және оны анағұрлым тиімді шарттармен аса қысқа мерзім ішінде сатуға мүмкіндік береді. Біздің менеджерлеріміздің тапсырмасы - бірінші кезекте Арнайы ұсынысқа қатысатын тауарлар үшін мәмілелер мен Шартты дайындау.

Бұл үшін "Менің тауарларым" мәзіріне өтіңіз > "Қолда бар" > қажетті тауарды тізімнен таңдаңыз және "Толығырақ" басыңыз > тауардың астындағы "Арнайы ұсыныс" сары батырмасын басыңыз > қалқымалы терезеде "Дайын" басыңыз.

Бұл үшін "Менің тауарларым" мәзіріне өтіңіз > "Қолда бар" > қажетті тауарды тізімнен таңдаңыз және "Толығырақ" басыңыз > оң жақтағы "Сіздің арнайы ұсынысыңыз" терезесінде "Болдырмауды сұрату" қалқымалы терезесінде "болдырмау" басыңыз > "Дайын" басыңыз.

Тендер - бұл тауарларды алдын ала белгіленген шарттар бойынша, жарыспалылық қағидасына сүйене отырып жеткізу жөніндегі ұсыныстарды іріктеудің бәсекелік нысаны. Сатып алушы өзі сатып алғысы келетін тауардың егжей-тегжейлі сипаттамасы мен бағасын көрсету арқылы тендерді жасау үшін мәлімдеме жібереді. Менеджер сатып алушының сұратуының негізінде тендер жасайды және сауда-саттықтың басталуы туралы жариялайды, соның нәтижесінде тендердің жеңімпазы - сатып алушының анағұрым тиімді шарттары көрсетілген талаптарына сәйкес келетін ұсыныс жасаған сатушы жеңімпаз болып анықталады.